Әскери дәрігерлер халықаралық жарыстарға дайындалуда

Әскери дәрігерлер халықаралық жарыстарға дайындалуда

«Оймаша» оқу полигонында  Ақтөбе, Атырау және Ақтау әскери бөлімдерінің медициналық қызметтегі әскери қызметшілері арасындағы «Әлем жауынгері» конкурсына қатысатын үздіктер анықталды.

    Конкурс барысында әскери медициналық қызмет мамандары әскерилердің жауынгерлік даярлығы барысындағы медициналық қамтамасыз етудегі өздерінің кәсіби деңгейі мен біліктіліктерін көрсетті. Конкурс екі кезеңнен тұрды. Біріншісі – «жеке шеберлік», ал екіншісі – «командалық шеберлік» сайысы. Бірінші кезеңнің барысында әскери қызметшілер әскери-спорттық кедергілерден өтсе, кейін штаттық қарулардан атыс орындап, арнайы дистанцияда жеке құрамға медициналық көмек көрсету бойынша нормативтерді орындады. Екінші кезең арнайы оқу-тактикалық алаңда және танкодром бағдарында өтті. Ол жерде механик-жүргізушілер өңірдің күрделі жағдайында жүргізу шеберліктерін көрсетті.

Әскери медициналық қызметкерлер шартты түрде жарақаттанған адамды әскери техникадан алып шығып, бірінші медициналық-санитарлық көмекті көрсету бойынша кәсіби біліктіліктерін жақсы көрсете алды. Екінші кезеңде механик-жүргізушінің ұрыс жағдайында әскери техниканы басқару шеберлігі сыналды.

«Әлем жауынгері» халықаралық әскери ойындар конкурсына қатысатын команда құрамына 7 әйел және 7 ер адам кіреді. Оның екеуі дәрігер, 6 медициналық маман және 2 механик-жүргізушілер мен қосалқы қатысушылар. Дайындық сонында Қарулы Күштердің іріктеу жарысынан өткен әскери қызметшілер Өзбекстан Республикасында өтетін халықаралық армиялық ойындар этапына қатысатын болады.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи