«Әскери білімнің заманауи даму тенденциясы»

Радиоэлектроника және әскери байланыс инженерлік институты қабырғасында жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Әскери білімнің заманауи даму тенденциясы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Конференцияның негізгі мақсаты әскери және азаматтық оқу орындарындағы заманауи білім беруді ұйымдастыру кезіндегі мәселелер мен оқытушылар арасындағы тәжірибе алмасу болып табылады. 

Конференцияға Қазақстан Республикасы Тұңғыш президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті,  екі мәрте Совет одағының батыры Т.Бигельдинов атындағы Әуе Қорғаныс күштерінің  әскери институты, Алматы қаласының шекара қызмет академиясы, Техас технология университеті, Сакария университеті, Қырғызстан Республикасының Қарулы күштерінің әскери институты, РЭжБӘИИ және азаматтық жоғары оқу орындарының қызметкерлері мен білім алушыларының (магистранттарынан) мақалалары қабылданды. 

Ғылыми-практикалық конференцияны жаратылыстану ғылыми пәндер кафедрасының басшысы Раушан Игілікова мен профессор, Әскери ғылымдар академиясының  корреспондент мүшесі, запастағы полковник Ильяс Сейітов ашты. Өз сөздерінде ғылыми-практикалық конференцияның негізгі бағыты әскери және азаматтық жоғары оқу орындарындағы заманауи білім берудің өзекті мәселелеріне арналатындығын айтты. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства