Әр ісі тиянақты әскери қызметшілер

Әр ісі тиянақты әскери қызметшілер

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қоғамның даму барысын өмірде нәзік, көңілде биік, ал істе мығым әйелдер қауымынсыз көзге елестету мүмкін емес» деген керемет сөзі біздің де әскери бөлімнің аяулы жандарына арналған. Тәртібі қатаң, міндеті ауыр әскери қызмет қашан да өжет, алғыр әрі жігерлі болуды талап етеді. Онда тек өздерін барлық жағынан таныта білетін, мойындата алатын әйелдер ғана жұмыс атқара алады. Олар алдымен тәртіп пен бұйрықты орындаушы, содан кейін өзіне де, өзгеге де талап қоя біледі. Істеріне жауапкершілікпен, ұқыппен қарайды.

Жан жүрегіне осындай қасиеттерді сіңіріп өскен, жетілген арулар оны өскелең ұрпаққа да дарыта алады. Мәселен, әскери қызметте жиырма жылдан астам уақыт бойы еңбек еткен тыл қызметінің жауапты орындаушысы аға сержант Ләззат Найманбаева мен автокөлік қызметінің жауапты орындаушысы Күләш Дүйсенбекованы мақтанышпен айтуға болады. Осы қатарға күндіз-түні аянбай қызмет етіп, қажетті құжаттарды дер кезінде даярлап, өзінің еңбекқорлығымен ерекшеленетін құпия бөлім бастығы кіші сержант Перизат Сағындықованы да жатқызар едік. Олар қызметтеріне – адал, жауапкершіліктері – зор, әскери анттарына – берік. Сондықтан да құрметтеуге, үлгі тұтуға лайық.
Еңбек жолын орта мектепте қазақ тілі пәні мұғалімі болып бастап, әскери бөлімде аз ғана жыл қызмет атқарса да жеке құрамға мемлекеттік тілді оқып-үйретудің әдіс-тәсілдерін жан-жақты меңгерген Қарулы Күштер қызметкерлері Айнұр Райымбердиеваның, адам жанына дауа, деніне шипа дарытқан мамандық иесі, мейірбике Ләззат Өтеулиеваның, әскери бөлім әйелдер кеңесі төрайымының орынбасары Айгүл Ағыбаеваның есімдері де төл мерекелерінде айрықша аталуы керек деген ойдамын.
«Отан отбасынан басталады» деген, шаңырақтарының ұйтқысы болып, жүгі ауыр қызметті қатар алып жүрген, сұлулық пен сұрапыл шаруаны, жарасымдылық пен жан берісіп, жан алысқан істі ұштастырған аруларымыздың мәртебесі қашан да биік. Оларды қоғамның, Қазақстан Қарулы Күштерінің ең тиянақты қызметкерлері, жаны, жүрегі десек, әсте қателеспейміз.
Майор Қ.Омаров,
75263 әскери бөлімі
Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Итоги "KADEX - 2018"

Итоги "KADEX - 2018"