Әлем мойындаған Қазақстан

   Біз – тәуелсіз елдің ұрпағымыз. Бүгінгі ұрпаққа және келер ұрпаққа тиесілі осынау кең байтақ жерімізді сақтап қалу жолында күрескен қазақ тарихында бірнеше хан, бірнеше ел билеуші болған. Үш жүздің басын біріктіріп, халықты ақ тудың астында біріктірген хан Абылайдың, Кеңес Одағында Қазақстанның бірінші хатшысы, елге сіңірген еңбегі аңызға айналған Д. Қонаевтың да арманы ел тәуелсіздігі еді.

Бүгінде Қазақстан Елбасының ұстанып отырған саясатының арқасында тәуелсіздігін әлем мойындаған елге айналды. Тәуелсіз ел атанған 27 жыл ішінде Қазақстанда қыруар жұмыстар атқарылды. Қазақстан 27 жыл бұрыңғы Қазақстаннан әлдеқайда өсті, көркейді. Білімді, саналы, ел болашағының тірегіне айналатын ұрпақ өсіп келеді. Әлі де әлемді мойындататын ғалымдар, кәсіби мамандар шығарына сенімім мол.

Жақында ғана Ливаннан іссапардан келген бір әріптесімнен барған ел жөнінде сұрастырып, әңгімеге тарттым. Ол қанша елге барсам да, қазақтай жерді көргенім жоқ деді.

Көрші қырғыздардың жағдайы, украиндықтардың ішкі тартыстары – бәрі көпшілікке ой салатын нәрселер.

«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей, Елбасының келер ұрпақтың білім деңгейінің артуына жасап жатқан саясаты ауыз толтырып айтуға тұрарлық. Ел егемендігі жолында Елбасы ұстанған саясат – тура саясат. Әсіресе, ядролық қаруды пайдаланудан бас тартуын қолдаймын. Елбасы – тарихта қазақ елінің алғашқы Президенті ретінде қалатын бірегей тұлға.

 

Қарлығаш Ақылбекова.

Ақпарат және коммуникациялар департаменті

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства