90 әскери қызметшіге пәтер кілті табыс етілді

Қазақстанның шығысындағы Аягөз гарнизонында 90 әскери қызметші мен олардың отбасылары жаңа қоныс иегерлері атанды. Мұнда күрделі жөндеуден кейін тұрғын үй пайдалануға берілді.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Нұрлан Қашағанов Елбасының Қазақстан халқына жолдауында әскери қызметшілерді әлеуметтік қолдауға үнемі баса назар аударатынын атап өтіп, әскери қызметшілер мен олардың жанұяларын қоныс тойларымен құттықтады. 02352 әскери бөлімі инженерлік қоршау ротасының аға маман-сапері ефрейтор Талғатбек Қалиев үшін бұл күн ерекше болды. Жан жарымен бірге әскери қызметші тоғыз баланы өсіріп, тәрбиелеуде. «Шығыс» ӨңҚ қолбасшысы отбасыға пәтер кілтін табыстап, теледидар сыйға тартты. «Біздің отбасы үшін бұл маңызды оқиға. Біз және бала-шағамыз жаңа, жарық және жайлы пәтерге қоныс аударғанымызға қуаныштымыз», - дейді әскери қызметші. Әскери қызметшілерді қызмет өткеру орындарында сапалы тұрмыстық жағдаймен қамтамасыз ету бүгінгі күні ерекше көңіл бөлініп отырған Қорғаныс министрлігі қызметі бағыттарының бірі болып табылады. Жыл сайын еліміздің түкпір-түкпірінде күрделі құрылыс, күрделі жөндеу және сатып алу арқылы ондаған мың шаршы метр баспана пайдалануға беріліп жатыр. 2016 жылы 1 639 пәтерді тапсыру жоспарланған. Астана (Қырқыншы ст.), Ақтау, Семей, Алматы, Аягөз, Үшарал қалаларындағы, сондай-ақ, Б. Момышұлы, Сарыөзек, Арнасай кенттері және Гвардейск қүк. әскери қызметшілер жаңа баспанаға ие болады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"