550-ден аса әскери қызметші оқушыларға арналған ерлік сабақтарын өткізді

Халықаралық білім күніне орай Қазақстанның барлық аймақтарында «Ерлік сабақтары» өткізілді. Оған Қорғаныс министрлігі мен ҚР Қарулы Күштерінің әскери қызметшілері белсене атсалысты.

Еліміздің мектептерінде жаңа оқу жылындағы алғашқы сабақ ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Мәңгілік ел» патриоттық акциясы аясында өткен «Ерлік сабағы» болды. Қорғаныс министрлігі мен Бас штабының басшылары, Қарулы Күштердің ардагерлері, интернационал жауынгерлер оқушыларға арнап сабақтар өткізді.

Ерлік сабақтарының өткізілуіне барлығы 550 адам, оның ішінде, Қарулы Күштер түрлерінің бас қолбасшылары, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлімдердің командирлері, қорғаныс істері жөніндегі департаменттердің бастықтары мен олардың орынбасарлары қатысты. Арасында ұшқыштар, теңізшілер және басқалар да болған сабақта әскери қызметшілер оқушыларға патриотизм, елімізге деген мақтаныш сезімін оятты, шынайы патриот және Отан қорғаушы бейнесін қалыптастыруға тәрбиелеу туралы әңгімелеп берді.
Оқушыларды еліміз бен өлкеміздің тарихымен таныстырды.   «Отанды қорғау ежелден бері көшпелі қазақ халқының абыройлы ісі, ішкі генетикалық коды болып табылған.  

Еркіндік пен тәуелсіздікке қол жеткізу шежіресі халқымыздың жарқын бейнесінде мәңгі өшпес із қалдырған ата-бабаларымыздың ұлы батыр ерліктерімен айшықталған. Еліміздің қауіпсіздігі үшін армиямыздың маңыздылығы қаншалықты болса, оған деген қарым-қатынасымыз да құрметті болуы ләзім.  
Әскеридің кәсібі құрметті болғанымен, қиынның қиыны болып келеді. Өйткені, жалтақтамай қиын-қыстау сәттерде және бейбіт уақытта Отанды қорғауға міндеттейді. Бейбіт азаматтардың жоғары сеніміне ие болып, олардың үкілеген үмітін ақтау үшін ар-ождан, абырой және міндетпен атқару ісі оңай шаруа емес», - деді Астана қ. №25 орта мектебіндегі сабақта Бас штаб бастығының орынбасары – ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Мұхамеджан Таласов.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"