Бүгінгі таңда Қазақстандағы Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты, Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институты мен ҚР ҚМ Кадет корпусының курсанттары дайындықты аяқтап, жақын арада 50-ге тарта адам шетелдің әскери жоғары оқу орындарына оқуға аттанады.
Қазақстанның әскери жоғары оқу орындарында оқудың 1-курсынан кейін курсанттар Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Қытай Халық Республикасы мен Корея Республикасының әскери жоғары оқу орындарына оқуға жөнелтіледі. Алыс шет елдерде курсанттар Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасында бір бағытты мамандықтар, яғни, командалық мамандықтар бойынша білім алатын болады. Оқуға түсу үшін курсанттар әрқайсысы өзінің оқу орнында емтихан тапсырды. Олар еліміздің Қарулы Күштері үшін сұранысқа ие негізгі әскери мамандықтар бойынша оқытылады. Жыл сайын еліміздің әскери жоғары оқу орындарында оқытудың жаңа бағдарламалары қайта пысықталып, енгізіліп жататынын айта кетейік. Енді ҚР Қорғаныс министрлігі әскери оқу орындарының курсанттары шетелдің әскери жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыра алады. Бірінші курсты тәмамдағаннан кейін курсанттар шет мемлекеттің әскери оқу орындарында оқуға іріктелу үшін медициналық куәландырудан өтеді.