ҚР ҚК кәсіби сержанттары институтының құрылуына 20 жыл толады.

2016 жылдың 1 шілдесінде Ш. Уәлиханов атындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің кәсіби сержанттары институтының құрылуына 20 жыл толады.

20 жыл ішінде Кадет корпусы әскери білім беру жүйесінде өзінің бағытын  берік орнықтырып, кәсіпқой сержанттардың 18 шығарылымын жүзеге асырды және қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарып жүрген 2 200-ден аса кәсіби сержантты түлетіп шығарды.  Кәсіпқой сержанттарды даярлау жанындағы Кадет корпусының басты міндеті олардың кәсібилігі мен құзыреттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ету болып табылады.  Түлектер Кадет корпусын аяқтағаннан кейін «Автомобильді және броньды танкті техниканы жөндеу бойынша слесарь» және «ЭЕМ операторы» біліктілігі, сондай-ақ, «3-сыныпты ЖӘЖМ механик-жүргізушісі» және «С» санатындағы автомобиль жүргізушісі куәлігі беріле отырып, «Командалық-тактикалық мотоатқыш әскерлері» мамандығы бойынша диплом алады. Жалпы білім беру базасында оқу мерзімі – екі жыл. Одан басқа, жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерінің құрамалары мен бөлімдерінде кадеттердің әскери тағылымдамасы өтеді. Олар үшін бұл жаңа практикалық тәжірибе және ҚР ҚК әскери бөлімдері мен бөлімшелерінде нағыз қызметті танып-білудің алғашқы мүмкіндігі болды. Оның үстіне жарты жылдан кейін олардың әрқайсысы өз қызметін бастауға кіріседі. Әскери тағылымдаманың мерзімі екі айды құрайды. Бұл уақыт аралығында болашақ сержанттарға Кадет корпусының қабырғасында алған теориялық және практикалық дағдылары мен машықтарын бекітуге, Қарулы Күштердегі шынайы қызметке дайындалуға, кәсіпқой көшбасшының дағдысын жетілдіруге тура келеді.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"