19 қарашада Қорғаныс министрлігінің алқа отырысы өтеді

Қорғаныс министрлігінің аппараттық кеңесінде Қарулы Күштердің қорытындысы шығарылып, армияның тыныс-тіршілігінің негізгі мәселелері қаралды.

Қарулы Күштердің даярлық жоспарына сәйкес алдағы аптада барлық әскери басқару органдарының, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің Алқа отырысында қорытындысы шығарылуы тиіс.
Қарулы Күштер түрлерінің үздік әскери қызметшілерін анықтау тапсырылды. Биыл «Әскер тарланы» кәсіби байқауының аясында үздіктер 24 аталым бойынша марапатталатын болады: атап айтқанда, жауынгерлік машина командирі, жүргізуші механик, оператор, барлаушы, байланысшы, сапер, артиллерист, фельдшер, ұшқыш, ӘШҚҚ, РХБҚ мамандары және басқалары.
«Әскер тарланы» байқауы 2019 жылы алғаш рет өтті. Оның мақсаты – барлық санаттағы әскери қызметшілердің кәсіби деңгейін арттыруға жігерлендіру.
    Қыс мезгілінің келуімен байланысты әскери қызмет қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді. Бұл казармалардағы, тұрғын үйлердегі және қызметтік жайлардағы қажетті температураны сақтауға, қызмет атқару барысында әскери қызметшілердің салқындауына жол бермеуге, олардың қысқы заттармен толық қамтамасыз етуге, әскери техника мен жеке автокөлікті апатсыз пайдалануға, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға қатысты еді.
    Бұдан өзге, табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде барлық гарнизондардың дайын болуы және қолдағы бар арнайы және көшіру техникаларын қолдану жөнінде тапсырмалар берілді.
    Қарулы Күштеріні әрі қарай дамыту аясында ұшқышсыз ұшу аппараттары бөлімшелерінің құрылымын жетілдіру мәселесі көтерілді. Қазақстан армиясы барлау ретінде де, соққы беруші ретінде де ұшқышсыз ұшу құрылғыларын белсенді пайдаланады. Оларды қолдануды тиімді дамыту туралы барлық оқу-жаттығуға ҰҰҚ қатысқанынан, төтенше жағдайлар кезінде блок-посттарда қызмет атқаруда оларды қолданғанынан, сондай-ақ Армия халықаралық ойындарында қазақстандық ұшқышсыз ұшу құрылғылары есептоптарының сәтті қатысқандарынан байқауға болады.
    Бұдан өзге, Қазақстандық бітімгершілік контигенттерінің әлемді қолдау жайлы операцияларға қатысуын кеңейту туралы мәселелерді пысықтау міндеттері тапсырылды. Арнайы практикалық міндеттердің ауқымы бөлімін атқаратын бөлімшелерге назар аудару қажет. Бұл еліміздің  халықаралық беделін арттыруда маңызды фактор, сондай-ақ әскерлерді даярлау барысында қолдануға болатын әскери қызметшілерге қажетті тәжірибе береді.
Әскери қызметшілердің әлеуметтік мәселелерін шешуде Қорғаныс министрлігі Call-орталығының тиімді жұмысы атап өтілді. Олар жыл басынан бері 1200-ден астам  қоңырау қабылдаған. Сонымен қатар,  талдау көрсеткендей, барлық мәселелердің үштен бірден астамы жерлерде қаралып, шешуге болатын тұрғын үй мәселелеріне қатысты. Осыған байланысты, бас қолбасшыларға гарнизондарда түсіндірме, әлеуметтік және құқықтық жұмыстар сапасын арттыруға тапсырмалар берілді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"