ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

17 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды

17 мыңға жуық азамат мерзімді әскери қызметке шақырылды

Ағымдағы жылғы көктемгі шақыру науқаны кезеңінде ҚР Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына 1999-1990 жылы туылған 17 мыңға жуық әскери қызметші шақырылды.

 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылғы наурыз-маусым және қыркүйек-желтоқсан айларында кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы № 449 Жарлығына сәйкес мерзімді әскери қызметке көктемгі шақыру науқаны аяқталды.   

Әскери бөлімдерді жасақтау шақыруға нарядты пропорционалды түрде бөлуді ескере отырып, эксаумақтық қағидат бойынша жүзеге асырылды. Бұл ретте басымдылық тәртіпте бірінші кезекте шақырылым ҚР Мемлекеттік күзет қызметі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметіне жүзеге асырылды. Одан басқа, мерзімді әскери қызметке азаматтарды шақыру және олардың ҚР Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарының әскери командаларына шақырылуы олардың физикалық және моральдық-іскерлік қасиеттері, сондай-ақ шақырылуға дейін алған білімдері ескеріле отырып, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды шақырылушылар санынан жүзеге асырылды. 

Жергілікті әскери басқару органдары әскери бөлімдер және оқу орындарымен бірлесе 2017 жылғы көктемгі шақыру кезеңінде қоғамға мерзімді әскери қызметке шақыру тәртібін жүргізу және ҚР Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет өткеру жағдайларын жеткізу бойынша ауқымды ақпараттық-имидждік жұмыс жүргізгенін айта кету қажет.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах