«ЗИКСТО» АҚ қазақстандық зауыты Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери-теңіз күштері үшін теңіз түбіндегі миналарды шығаруға дайын.
Бірінші кезеңде кәсіпорын еліміздің ӘТК үшін төрт тәжірибелі үлгіні әзірлеуді ұсынып отыр. «Бүгінгі күні шартты қарсылас десантының түсіруінен Каспий теңізінің су айдынын қорғау тұжырымдамасы мәселелері талқылануда. Мұнда зауытымыз өндіретін үлгілер қолданылады. Әлбетте, біз оларды толық пысықтаймыз. Сынамадан кейін пысықтау кезінде Каспий жағалауларын қорғау үшін аталмыш үлгілерді пайдалануға болады», - дейді «Зиксто» АҚ-тың бас директоры Валерий Спицын.
Теңіз түбіндегі миналар – бұл теңіз миналарының бір түрі. Олар теңіз түбіне орнатылады және миналар үстінде өтетін магниттік, акустикалық немесе кеменің өзге де физикалық алаңының әсер етуінен іске қосылады.