«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріндегі кезекті оқу-жаттығу таулы жерде өтті

«Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінде өткен кезекті оқу-жаттығу далалық жағдайларда ғана емес, сонымен бірге қосымша қиындықтары бар таңсық таулы жерде өтетіндігімен ерекшеленді.

Күрделі тапсырмалардың бірі түнгі жауынгерлік іс-қимылдарды пысықтау болды, өйткені, шартты қарсылас қараңғылықты пайдаланып шабуыл жасауы мүмкін. Мұндай жағдайларда бөлімше командирлері жауынгерлердің өзара іс-қимылын сауатты басқаруы және ұйымдастыруы тиіс. Осыған байланысты, олардан жоғары кәсіби шеберлік қажет етіледі, ал жауынгерлік іс-қимылдарды сәтті өткізу батальон және дивизион командирлеріне байланысты.

       Оқу-жаттығуларға «Астана» өңірлік қолбасшылығының барлық штаттық техникасы тартылды. Атап айтқанда, бронетранспортерлар, танктер, артиллериялық қондырғылар, оқ ату қару-жарағы. Одан басқа, майдандық және армиялық авиацияны қолдану жоспарлануда. Оқу-жаттығуды «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскерлерінің қолбасшысының жауынгерлік дайындық бөлімшесінің орынбасары полконик Аскаров Юрий Минувалиевич басқарды.

     Думан Құрманғалиев


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"