16194 әскери бөлімінде қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибелік сабақ өтті

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде жаңа оқу кезеңінің алғашқы күні  жеке құрамға қауіпсіздік шаралары жөнінде тәжірибелік сабақтар  өткізілуден басталады. Барлық дәрежедегі командирлердің  жеке жауапкершілігі бағыныстағы жеке құрамның  өмірі мен денсаулығын сақтау, әскери қызмет қауіпсіздігін  құру бойынша   жарғылық міндеттерді  барлық лауазымды адамдармен орындау  болып табылады.

16194 әскери бөлімінде  қауіпсіздік шараларын жеткізу бойынша әр оқу орнында көрнекі құралдар қойылып,  жеке құрамға әсіресе жаңа шақырылым сарбаздарына түсінікті болатындай етіп оқу орындары жайылдырылды. Әр оқу орнында сабақ жетекшілері жеке құрамға теориялық  және тәжірибелік түрде сабақтар өткізді. 16194 әскери бөлімінің басты міндеті ҚР ҚК ҚӘ Десанттық-шабуылдаушы әскерлерін байланыспен қамтамасыз ету болғандықтан байланыс құралдары  техникаларымен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік шараларына басты назар аударылады. Сонымен қатар жеке құрамға алғашқы медициналық көмек  көрсету, жанар-жағар май материалдарымен жұмыс жасау, қаруды қолдану, дене  дайындығы,машинаға қызмет көрсету, шаруашылық  жұмыстар жасау кезіндегі және өртке қарсы  қауіпсіздік шараларымен  таныстырылды.

капитан М.Ю.Қанапьянова

16194 әскери бөлімінің мемлекеттік

тілді дамыту бөлімшесінің бастығы


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"