Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

 Ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Алматыда ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының мемлекеттік-мүшелері әскери-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.  

2018 жылы 7 қыркүйекте Алматы қаласында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастығы жайлы XVI Халықаралық отырысы өтті.

Шара басында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов кіріспе сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында Қазақстан биылғы жылы ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының төрағасы бола отырып, нормативті-құқықтық базаларды жетілдіру мен ұйымдардың халықаралық мәртебесін көтеруге атсалысатынын атап өтті.

Жиынға ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдары бас хатшысының орынбасары В.Семериков, РФ өнеркәсіп және сауда минисрінің орынбасары О.Рязанцев, Ресейдің әскери-техникалық ынтымақтастық бойынша Федеральді қызметі директорының орынбасары В.Дрожжов, Белорусия Мемлекеттік әскери-өндірістік комитеті төрағасының орынбасары Д.Пантус, Армения Қорғаныс министрінің орынбасары Д.Пахчанян, Қырғызстан Мемлекеттік өндіріс, энергетика және жер қойнауын падалану комитеті төрағасының орынбасары А.Орозбеков қатысты.

Кездесу барысында отырысқа қатысушылар әскери-экономикалық және әскери-техникалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін қарастырды. Ұйымдардың мемлекеттік-мүшелерінің қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қорғаныс қабілетін арттыру сұрақтары талқыға салынды.

Тараптар Мемлекетаралық комиссиялар аясында ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісім Ұйымдарының әскери-экономикалық ынтымақтастық бойынша бірлескен жұмыстарын жалғастыруға келісті.

Отырыс соңында тиісті Хаттамаға қол қойылды.

 

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің

Баспасөз қызметі

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства