Қаза болған әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алды

 Қаза болған әскерилерді бір минут үнсіздікпен еске алды

Кеше Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен құрамаларында митингтер өткізілді. Онда жеке құрам қаза тапқан қызметтестерін бір минут үнсіздікпен еске алып,  құрмет көрсетті.

Наурыздың 27-сінде  оқу-жаттығу барысында ҚР ҚК тікұшағының апатқа ұшырау салдарынан бортта болған 13 әскери қызметші көз жұмды. Қазақстан Қарулы Күштерінің барша жеке құрамы қаза болған қызметтестерінің туысқандары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. Бұл Қазақстан армиясы үшін орны толмас қайғы. Олар ақтық демдері қалғанша өздерінің әскери борыштарын адал орындады. Қызметтестері туралы жарқын естелік батырлық, жанқиярлық пен патриотизмнің үлгісі ретінде әскери қызметшілердің жадында мәңгі есте қалады.



Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Семь граней Великой степи

Семь граней Великой степи