ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Қару-жараққа қатысты комиссия отырысы өтті

 Қару-жараққа қатысты комиссия отырысы өтті

Қазақстан Республикасы мен Франция Республикасының қорғаныс ведомстволары арасындағы бұдан бұрын қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес Алматы қаласында қару-жарақ аясындағы ынтымақтастық жөнінде қазақстандық-француз комиссиясының 6-шы отырысы өткізілді.

Қазақстандық комиссия бөлігін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменов, француз бөлігін Франция Қорғаныс министрлігі қару-жарақ бас дирекциясы халықаралық дамыту дирекциясы Орталық, Шығыс Еуропа және Оңтүстік Америка бойынша директордың орынбасары қару-жарақ генералы Юбер Л Ебрали басқарды. Француз делегациясы әскери және қос мақсаттағы шығарылатын өнімдердің (қызметтер) ауқымды спектрінің тұсаукесерін өткізген «THALES », «NEXTER», «ECA», «MBDA», «OUVRY », «AIRBUS», «ROXEL», «IXBLUE» сияқты озық қорғаныс компанияларының үлкен санымен ұсынылды. Бұл қазақстандық қару-жарақ нарқына және өзара тиімді ынтымақтастық жасауға деген қызығушылықты тағы бір мәрте растады. 

Өз кезегінде, қазақстандық делегацияның құрамына қорғаныс министрліктері, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі, өкілдері, «Қазақстан инжиниринг» ҰК», «Қазарнаулыэкспорт» РМК», «Алатау» АСКБ, «Гранит» СКТБ» ұлттық компаиния басшылары мен тағы басқалар кірді.

Тараптардың басшылары бүгінде құрлық әскерлері, әуе қорғанысы күштері, әскери-теңіз күштері, оның ішінде, барлау жүйесі, зымыран қару-жарағы, робот техникалық кешендер, навигациялық жүйелер, РХБҚ қару-жарағы, ғарыш саласы мен тағы басқаны, оның ішінде, Қазақстан Республикасында сервистік қызмет көрсету, әрі қарай өндірісті жөндеу және игеруді ұйымдастыруды қамтитын әскери-техникалық ынтымақтастықтың белсендендірілгенін атап өтті. 

Жұмыс барысында француз делегациясы GM-403 жаңа үлгідегі үш координаталы радиолокациялық станцияларды шығаруды жүзеге асыратын «Гранит-Талес Электроникс» бірлескен қазақстандық-француз зауытының қызметімен, сондай-ақ әскери және азаматтық мақсаттағы «Ми» сериялы тікұшақтарға сервистік қызмет көрсету және жөндеу бойынша қызметтердің кең ауқымын ұсынатын № 405 авиажөндеу зауытымен» танысты. Жұмыс қорытындысы бойынша тараптардың жетекшілері қару-жарақ аясындағы екіжақты ынтымақтастық хаттамасына қол қойды.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"

Инфографика: минно-тральный корабль "Алатау"