Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

 Халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде

ҚР ҚАӨМ АК «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» («ҰҒЗТО» АҚ) және Халықаралық реалитивті астрофизика орталығы (“ICRANet”, штаб-пәтері Pescara, Италияда) астрофизикалық зерттеулер саласында ынтымақтастық, ғылыми ақпараттармен алмасу, ғылыми кадрларды дайындау, ғылыми конференциялар, өзекті астрофизикалық зерттеулер бойынша орталықтар, зертханалар ұйымдастыру, мақалалар мен материалдар жариялау туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумға қол қою “ICRANet” директоры, профессор Ремо Руффинидің осы жуық арадағы сапары кезінде іске асырылды.

Релятивтік астрофизика – астрофизиканың бөлімі. Ол классикалық аспан механикасы мен Ньютонның тартылыс заңдары колдануға келмейтін астрономиялық құбылыстар мен ғарыштық нысандарды зерттейді. Мұндай құбылыстарға бөлшектердің жарық жылдамдығына жақын қозғалысы, материяның аса жоғары қысымы мен тығыздығы жатады. Мұндай құбылыстарға галактиканың белсенді ядролары, нейтронды жұлдыздар және «қара құрдымдар» деп аталатын нысандар кіреді. Сондай-ақ ғарыштық сәулелену мен гамма-жарқылдарды зерттеуге де аса маңызды орын берілген.

Аталған барлық ғылыми бағыттарды В.Г.Фесенков атындағы астрофизикалық институт («ҰҒЗТО» АҚ құрамына кіреді) көп жылдардан бері зерттеп келеді. Көрсетілген тақырыптар бойынша қазақстандық ғалымдардың еңбектері халықаралық деңгейде танымал және әлемнің жетекші ғылыми баспаларында жарияланған.

          Релятивтік астрофизиканың халықаралық орталықтары торабының (ICRANet) негізі 2003 жылы құрылған. Оның негізгі міндеті релятивті физика саласында ғылыми кадрлар дайындау және зерттеулер өткізу, сондай-ақ аталған салада халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру.

Профессор Ремо Руффени – ірі ғалым, көптеген ғылыми еңбектердің, оның ішінде, «Introducing the Black Hole» классикалық мақаланың авторы (Дж. Уилермен бірлесіп), мұнда астрофизикалық «қара құрдым» туралы алғаш рет түсініктеме берілген. Оның теориялық жұмыстары Галақтикадағы алғашқы қара құрдымдарды теңдестіруге, жіктеуге алып келді.

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Қорғаныс және аэроғарыш

өнеркәсібі министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

 Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

Жаңа КАМАЗ жүк көліктері ұсынылды

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства

"Глаза разведчика": оптические приборы казахстанского производства