Жүлделерді жеңіп алды

 Жүлделерді жеңіп алды

Щучинск қаласында «Жақсы-2» спорттық базасында еңбек сіңірген спорт шебері Марина Вольнованың жүлдесі үшін «ТМД елдерінің ашық кубогі» әйелдер арасында өткен бокстан халықаралық турнирде армиялық спортшылардың қоржыны алтын және күміс медальдармен толықты.

Бірінші орынға Үндістан, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай Тайбэя, Ресей және Украинаның 82 спортшысы таласты. Еліміздің ұлттық құрама командасының құрамында ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубының спортшылары өнер көрсетті.  Турнир қорытындысы бойынша 60 келіге дейінгі салмақта АОСК-ның боксшысы Римма Волосенок алтын жүлде иегері атанды. АОСК-ның бокс спортшысы Жайна Шекербекова 51 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдені жеңіп алды. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өткен боксерлық турнир армиямыздың нәзік жанды аруларының сұлулығы мен табандылықтарын тағы бір мәрте паш етті. Бүгінгі таңда Спорт комитеті – ҚР ҚМ Армия орталық спорт клубының басшылығы әйелдер боксын дамыту мен дәріптеуге айрықша көңіл бөліп жатқанын айта кету қажет. 


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК