Армиядағы айымдарға құрмет көрсетілді

 Армиядағы айымдарға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінен арналған мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының басшылығы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері және шақырылған меймандар қатысты.

«Бүгінде әйел әскери қызметшілер Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінде ұсынылған. Олар ерлермен иық теңестіріп, қолдарына қару ұстап жауынгерлік кезекшілікке түседі, әртүрлі лауазымдардағы міндеттерді орындайды және барлық жерде өздерінің әскери борышын үлгілі орындайды. Жоғары кәсіби сәттіліктерге қол жеткізіп, Сіздер әсемдік қалыптарыңызды жоғалтпай, отбасылық тыныштықты сақтап, болашақ ұрпақтың қамын ойлайсыздар. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, мәңгі жастық шақ, сұлулық пен жұмыста табыс тілеймін», - деп ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық армияның қырмызы аруларын құттықтады.
Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін бірқатар әйел әскери қызметшілерге құрмет грамоталары мен медальдар табыс етіліп, сондай-ақ мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді. Салтанатты құттықтау рәсімі мерекелік концертке ұласты. ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың сахнасында Орталық әскери ансамбльдің әртістері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әйел әскери қызметшілерге арнап отандық және шетелдік сазгерлердің музыкалық шығармаларын орындады. Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде дәстүрлі түрде мерекелік шаралар өтті.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК

История развития органов воспитательной и идеологической работы ВС РК