ҚР Қарулы Күштеріне - 25 жыл

Әуе әскері – әлеуетті қорған

 Әуе әскері – әлеуетті қорған

Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері бүгінде өздерінің 19 жылдық кәсіби төлмерекелерін атап өтуде. Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері өздерінің шеберліктерін ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен мемлекеттік ауқымдағы өзге де іс-шараларда бірнеше рет паш етіп жүр.

Әуе қорғанысы күштері әскерлерінің бүгінгі жағ­дайы ауыз толтырып мақтаныш­­пен айтарлықтай деңгейде. Елбасы­­н­ың тікелей қамқорлығының ар­қа­сын­да Қазақстанның көк кеңіс­тік­тегі қорғаныс қабілеті артты, атап айтсақ, әскери бөлімдер мен бөлімшелерді басқару тиімді жолға қойылып, жауынгерлік қабілеті күшейді. Мәселен, 2015 жылғы әскерімізді қайта жарақтандыруға бағытталған ірі келісімшарттың жүзеге асуы нәтижесінде Ресейден сатып алынған 4++ үлгідегі Су-30СМ жауынгерлік ұшақтары өздерінің жоғары маневрлілігімен және көп функциялылығымен танымал төрт жойғыш ұрыс машинасымен толықты. Оған қоса, бұдан бұрын алынған Ми-171Ш көліктік-жауынгер­лік тікұшағын, С-290 С-295 әскери-көлік ұшақтарын былай қойған­да, көптеген елдерде аза­мат­тық және әскери мақсаттар­да жаппай қолданылатын Ми-8, Ми-17В5, ЕС-145 қос қозғалтқышты тікұшақтарын, МИГ-29, СУ-27 жойғыш ұшақтарын өз елімізде жаңғырту және жөндеу жұмыстары жолға қойылды.
Сонымен қатар, Әуе қорғанысы күштері жыл сайын халықара­лық деңгейдегі көптеген жауынге­р­лік оқу жаттығуларына қатыса­ды. Олар­дың ішінде «Айбалта», «Қара­тау», «Дала қыраны», «Ашық аспан», «Өзара іс-қимыл», «Мыз­ғымас бауырластық» және басқа­лары бар. Мысалы, екі жылда бір рет Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына кіретін елдер­дің ӘШҚ-ның біртұтас жүйесі­нің шең­берінде «Сарышаған» полигонын­да «Жауынгерлік достас­тық» так­тикалық оқу-жаттығулары өткізіледі.

Қорғаныс министрінің жеке баст­а­масының арқасында, ел Пре­зи­­дентінің қолдауымен, оның мем­лекеттік деңгейде ойлау, Қарулы Күштер мен Әуе қорғанысы күш­терінің даму келешегін алдын ала болжай алу қабілеттерінің арқа­сында жос­парлы түрде ашылған екі әскери жо­ғары оқу орны қазір жемісті жұ­мыс істеп тұр. Олар – жас офи­церлік кадрлар – ұш­қыш­тарды оқы­татын және тәрбие­лейтін Әуе қор­ғанысы күштері­нің Әскери инс­титуты мен ӘШҚ және байланыс әскерлеріне мамандарды даярлайтын Алматы қаласында орналасқан Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженер­лік институты. Аталған оқу орын­дарының түлектері бүгінде Әуе қорғанысы күштері бөлімдерінің қатарын толықтырып қана қой­май, бірқа­тар­лары аса жауапты лауазым­дарда міндеттерін өтеп жүр. Пай­да­лануға берілген жаңа те­хни­каға сай әскери маман­дар­­дың соғыс жағдайына жуық жағ­дай­­ларда кәсіби шеберлігін жетіл­­діру мүмкіндіктері де жолға қойыл­­ған. Қысқасы, Елбасы мен еліміз сеніп тапсырып отырған көк кеңіс­­ті­­гіміздің қорғанысы сенімді қол­дар­­да деп ауыз толтырып айта аламыз.


Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах

Армейские международные игры-2017: итоги в цифрах