Елбасы және ел армиясы

Елбасы  және ел армиясы

...Асқақ рух, қайсар мінез, мұқалмас жігер, батыр да батыл жүрек.
Осындай асыл қасиеттер тақырыбымызға арқау болған ұлт перзенті мен ел ұландарына өтпелі кезеңнің өткелінен сүрінбей өтуіне сеп болды. Сондай өткелдің бірі  – еліміздің дербес Қарулы Күштерін құруда ел Президенті еліміздің төл әскерін өмірге әкеліп, өр рухты өрендердің өсуіне ықпал етті.  

Тарихымыздан белгілі, әлемнің алтыдан бір бөлігін бауырына басып, оны иемденген және сол аумақтағы одақтас он бес мемлекетке әмірін жүргізген партиялық жүйе – Кеңестер Одағы өткен ғасырдың тоқсаныншы жылдарының басында ыдырады.
  Дәл сол кезеңдерде бұрынғы кеңестік партиялық жүйенің орнына қазақ елінің егемендігін қамтамасыз ететін жаңа жүйені құру қажеттілігі туындап, барлық істер соған қарай бағытталды. Солардың бірі 1991 жылғы 16 қазанда «Қазақ КСР Президентінің сайлауы туралы» Заңның қабылдануы еді. Осы Заңға сәйкес, 1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық сайлаудың қорытындысы бойынша  Н.Ә.Назарбаев еліміздің Тұңғыш Президенті болып сайланды. Осылайша, Қазақстан халқы сайлау арқылы Нұрсұлтан Назарбаевқа өз тағдырын сеніп тапсырды. Елі сенім білдіріп, арқа сүйеген арда азамат ел сенімін ақтау үшін ақыл кемеңгерлігін, күш қайратын сарп етіп, саяси көрегендігімен көптеген қамалдарды алып, талай белестерді бағындырды.
Етек-жеңін қамдап, ес жиып жатқан шақта тұңғыш Президент үшін ел іргесін сақтап, қорғанысын мықтағаны – сол алған қамалдардың бірі еді. Тарихтың осы бір бұлтарысты кезеңінде Мемлекет басшысы тәуелсіздіктің берік қорғанысын қамтамасыз етер, жас мемлекеттің құрыш қалқаны болар жаңа тұрпатты әскерін құрып,  Қарулы Күшін қалыптастыруды мақсат тұтты. Өйткені, сол кездегі Кеңес армиясының әскери қуаты мен жауынгерлік әлеуетін сақтап қалу үшін тәуелсіз елдердің Қарулы Күші біріккен күйі қалған еді. Сондықтан ел басшысы әскери қауіпсіздікті қамтамасыз етуде еліміздің мемлекеттік саясатын біртіндеп жүзеге асырды. Алдымен жарияланған егемендікті қорғау үшін, сондай-ақ, елдегі әскери саясатқа іс жүзінде ықпал ету үшін республикалық қорғаныс мекемесін құруды қолға алып, «Қазақ КСР Мемлекеттік қорғаныс комитетін құру»  (1991 жылы 25 қазанда)  туралы Жарлығын жария етті. Бұл комитеттің төрағалығына генерал-лейтенант С.Қ.Нұрмағамбетовты лайық деп танып,  оған «әскери жасақтарға бақылауды» жүзеге асыруды, сонымен бірге әскерлердің орын алмастырып, әртүрлі әскери жаттығулар жүргізуін, әскери мүліктердің республикадан тысқары жерлерге тасымалдануын, армияның әскери қызметіндегі басқа да бағыттарды «назарда» ұстау міндеттерін жүктеді. Бірақ Қазақстанның Мемлекеттік қорғаныс қомитеті әскери-кадрлық саясатын КСРО Біріккен Қарулы Күштері Бас қолбасшылығының келісімімен жүргізіп отырды.  Осы жағ¬дай¬ды және елдің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескерген ел Президенті 1992 жыл¬ғы 7 мамырда № 745 Жарлығымен Қа¬зақ¬стан Республикасы Қарулы Күш¬тері¬н құрды. Осылай еліміздің Қарулы Күші дүниеге келген еді.
Сол алғаш құрылған жылдары Қазақстанның еншісіне КСРО Қарулы Күштерінің үлкен бөлігі тиді. Ел басшылығы бұл жылдары әскерлерді басқару органдарының, шекараны жауып тұрған құрамдардың, әуе қорғанысы мен әскери әуе күштерінің, барлау, байланыс, радиоэлектрондық жүйелер құрамаларының оңтайлы, ықшам топтарына ғана қолдау көрсеткенді дұрыс санады.
Айта кететін бір жайт, сол кезде базбіреулердің «Егемен Қазақ¬стан бейбіт саясат ұстайды, сондықтан да Қарулы Күштерін ұстаудың не қажеті бар…» дегенге саятын пікірлері болды.  Оған жауап ретінде Президент Нұр¬сұл¬тан Назарбаев 1992 жылғы 8 желтоқсанда күштік ведомстволар құрамаларының басшылары мен командир¬лерінің алғашқы жиналысында: «Біз – егемен, тәуелсіз мемлекетпіз, сондық¬тан қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі ішкі және сыртқы саясатты қалыптас¬тырудың жалпы құрылы-мындағы ең өзекті мәселе болуы қажет. Сол себепті бізге саны жағынан шағын, бірақ заманға сай қару-жарақпен жабдықталған, жо¬ғары ұтқыр, білімді, егемен елімізді қорғау мүддесі үшін кез келген жағдайда түрлі іс-қимылға даяр армия қажет» деген кесімді пікірін айтты. Және сол мезетте Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас Қолбасшысы ретінде Қазақстан армиясын қалыптастыруда әскери саладағы алғашқы нақты қадамдарын бұған дәлел ете алды.
Негізі Қарулы Күшіміздің құрылу жолдарында әскери-саяси басшылықты ұйымдастыру, эко¬номикалық, техникалық, әлеуметтік жә¬не құ¬қықтық мәселелерді армияның жұмыс жасауы үшін шұғыл түрде шешу, ант, жарғы, әскери доктринаны, идеологиялық қамтамасыз ету жүйесін, елдің ал¬ғаш¬қы әскери басшылығын құру, әскери кадр¬ларды даярлау базасын нығайту, командалық құрам¬ды тағайындау сияқты мәселе¬лерді ел Президенті өз Жарлығымен заң жүзінде шешіп отырды. Өйткені Тәуелсіз Қазақстан армиясын құруда қорғаныс мәселесі бойынша құқықтық негіз Президент, Үкімет, Қорғаныс министрлігінде болды. Белсенді әрі мақсатты түрде жүргізілген жұмыстардың барысында алғашқы заңдар да дер уақытында, тиісті деңгейде жария болды.
  Міне, осындай бірегей істерде Жоғарғы Бас Қолбасшыны қуаттаған қолбасшылар мен атақты әскери шенді азаматтар, сарабдал сардарлар да саладағы өзекті мәселелердің оңтайлы шешілуіне үлкен үлестерін қосты. Соның арқасында талай жолды артқа тастап, Қарулы Күштеріміздің «қанаты қатайып, бұғанасы бекіді».  Жаңарған Қазақстанмен бұл сала да жаңара түсті. Мықтап бекіп, міндетін абыроймен атқарып, жыл өткен сайын Қарулы Күш¬теріміз қарыштап дамыды.
Қазір заманауи және кәсіби әскері бар бейбіт елміз. Бүгінде Қазақстан өзінің әскери әзірлігі және техникалық жарақтануы жағынан әлемнің алдыңғы қатарлы армияларымен иық теңестіре алатын дәрежеге жетті. Кәсіби тұрғыда шыңдалған Қарулы Күштеріміз халықаралық бірлескен стратегиялық кешенді оқу-жаттығуларына белсене қатысып, мерейлерінің үстем болып жүргені де бар. Еліміздің Қарулы Күштері жауынгерлік даярлықтың жоғары қарқынды деңгейімен, сапалы жұмылдыру резервімен, ұлттық әскери оқу орындары жүйесімен және қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз етілуімен ТМД-ның кейбір елдерінің арасында оқ бойы озық тұруы да – біз үшін  мақтаныш. Мұның бәрі әскери қызметшілердің жоғары кәсіби даярлығымен, үйлесімділік пен жауынгерлік дағды үлгісін көрсетумен және аға буынның батырлық, жауынгерлік дәстүр сабақтастығының жалғасуымен жетіп отырған жетістіктеріміз екенін білгеніміз жөн.
Рима ӘБЕУОВА

Көшірмеге қайта келу

Құрметті оқырмандар!

Электронды пошта арқылы Қазақстан және әлем әскерлерінде болып жатқан оқиғалар, жаңа қару-жарақтар мен әскери техникалар жөніндегі ақпараттарды, әскери қызметшілердің ар-намыс, әскери борыш жайындағы керемет әңгімелерін оқу үшін біздің жаңалықтар жіберіліміне тіркеліңіз. Онда «Сарбаз» газеті мен «Айбын» журналындағы материалдар жарияланады. Сіз әр аптаның басында бірінші болып, әскери жаңалықтарды біле аласыз!
Пікірлер

Жаңалықтар жүгіртпесі

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

«Қарағай» мен «Ақтерек» станциялары

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?

Инфографика: как военнослужащие смогут получить жилье по новой модели?