China Daily газетінің хабарлауынша, ҚХР Халықтық-азаттық армиясы Әскери әуе күштерінің қатарында шабуылдаушы тікұшақтарды басқаратын бірінші топтағы әйел-ұшқыштардың дайындығы аяқталды.
Дайындық барысында бес әйел ұшқыш тиісті тапсырмаларды мүлтіксіз орындап, қажетті маневрлер мен міндеттерді сәтті атқарған. Оларды әскер қатарына сақадай сай ету үшін 2 жыл уақыт жеткілікті болған. Бір қызығы нәзік жандылар Әскери әуе күштері қатарында қызмет атқарғанымен, бұрын тікұшақтарда ұшып көрмеген екен.
Мамандардың айтуынша, оларды дайындау кезінде түрлі мультимедиалық курстар мен видеороликтер қолданылған.