ҰҚШҰ Сербияның әскери қатынастарда бейтарап қалу ұстанымын құрметтейтінін жеткізді

Бүгін ҰҚШҰ Бас хатшысы Николай Бордюжа Белградта Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен кездесті. Кездесу барысында серб мемлекетінің басшысы Сербия ҰҚШҰ-мен жақсы қатынастарды дамытуға мүдделі деп мәлімдеді. Бұл туралы ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов хабарлады.

«Сербия ҰҚШҰ-мен жақсы қатынастарды дамытуға мүдделі, сонымен бірге өзінің әскери бейтараптығын бұзбайды», - деді Сербия Республикасының Президенті.

Оның айтуынша, Сербия әскери қатынастарда бейтарап ел және ешқандай әскери одақтарға қосылмайды. Сонымен қатар ол Сербия барлығымен де ынтымақтастыққа ашық, бүгінгі таңда болып жатқан үдерістерге орай қауіпсіздікке қарсы барлық қатерлерге тиімді қарсы тұрады және өзінің мүдделерін қорғайды деп атап өтті.

Президент Т.Николич Сербия мен ҰҚШҰ арасындағы орнатылған ынтымақтастыққа зор қанағаттанушылығын білдірді және ол Сербияның қорғаныс өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосатындығын атап көрсетті.

Т.Николич ҰҚШҰ бас хатшысымен Сербия Премьер-министрі, қорғаныс және ішкі істер министрлері өткізген кездесулердің нәтижесі ретінде таяудағы уақыттарда Сербия Республикасы мен ҰҚШҰ арасындағы ынтымақтастықты жақсарту шарттарына қатысты ұсыныстар нақтыланатынын айтты.

Өз кезегінде Н.Бордюжа қауіпсіздік қызметтері арасында ақпараттар алмасу жөніндегі ынтымақтастықты жақсартуға кірісуді ұсынды, ол бұл сербтік қауіпсіздік құрылымдары үшін де қызықты болар еді, деген пікірін жеткізді.

«ҰҚШҰ Сербияға есірткінің заңсыз айналымымен, ұйымдасқан қылмыспен, адам саудасымен, сондай-ақ халықаралық лаңкестікпен және табиғи апаттармен күресте көп нәрселерден көмектеседі», деді ҰҚШҰ Бас хатшысы.

Ол ҰҚШҰ Сербияның әскери қатынастарда бейтарап қалу ұстанымын құрметтейтінін атап көрсетті және ешкім де республикаға ол қарсылық білдіретін шешімді күштеп таңа алмайтынын айтты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"