Үндістан әскері Пәкістанның жеті сарбазын атып өлтірді

Үндістан әскері пәкістандық сарбаздарға оқ жаудырып, жетеуін өлтірді.

Атыс даулы Кашмир аймағының Пәкістан жағындағы Бхимбер округінде болған. Екі ел арасындағы жағдай 29 қыркүйекке қараған түні үндістандық әскери базаға белгісіз біреулер жасаған шабуылдан кейін ушығып кетті. Сол кездегі қырғыннан 19 үнді жауынгері қаза тапқан болатын.

Нью-Дели «бұл Пәкістан аумағында әрекет ететін содырлардың ісі» деп лаңкестікке қарсы операция өткізген еді. Айта кеткен жөн, Кашмир аймағы екі ел арасындағы ең күрделі мәселелердің бірі. Жер дауы 1947 жылы Пәкістан мен Үндістан бөлініп, өз алдына жеке ел болған соң басталды.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"