Түркияның оңтүстігіндегі Газиантеп қаласында жарылыс болды.
Жарылыстан 30 адам қаза тауып, 94 адам жараланған. Үйлену тойы кезінде, қонақтар далаға серуендеуге шыққанда жанкешті әйел өзін жарып жіберген. Негізінен күрдтер тұратын Газиантеп қаласы Сириямен шекарадан 60 шақырым қашықтықта орналасқан. Сирияның дәл сол аумағында қазір күрд жасақтары мен Ирак пен Левант лаңкестік ұйымы арасында кескілескен шайқастар жүріп жатыр. Полицияның жорамалынша, жарылысты осы ұйымның содырлары ұйымдастыруы мүмкін.