Түркияда футболшы Хакан Шүкірді тұтқынға алуға ордер берілді

«Галатасарай» түрік клубы сапында футбол ойнаған танымал футболшы Хакан Шүкірді тұтқындауға Түркия билігі ордер берді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Футболшыны тұтқынға алу 15 шілде күні елдегі мемлекет төңкеріс әрекетін тергеумен тығыз байланысты, деп хабарлады Анадолы агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, Х.Шүкірді Анкара көтеріліске қатысы бар деп санайтын оппозициялық түрік уағызшысы Фетхулла Гүленмен байланысы бар террористік топтың мүшесі деп айыпталуда.

Түркиялық БАҚ-қа сүйенсек, Х.Шүкір мен оның отбасы өткен жылы Түркиядан қоныс аударған. 44 жастағы футболшы спорттағы мансабын 2008 жылы аяқтаған. Жанкүйерлері оны «Босфор өгізі» және «Патша» деп атап кеткен.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"