Түркияда F-16 әскери ұшағы апатқа ұшырады

Түркияның Диярбақыр провинциясында F-16 әскери ұшағы апатқа ұшырады, деп хабарлайды 24 kz.

Түрік қарулы күштері таратқан ресми мәлімет бойынша, ұшақ оқу-жаттығу барысында, жергілікті уақыт бойынша 19 сағат 30 минутта Суруч ауданының Чарыклы ауылы аумағына құлаған. Апат себебі әлі анықталған жоқ.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ұшақтың құлауына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. Ал ұшқыш дер кезінде катапульта жасап, жерге дін аман қонды. Қазір ол ауруханаға жатқызылып, медициналық тексеруден өткізіліп жатыр. Бұдан екі жыл бұрын дәл осы ұшқыш әйел Шефика Бурджу басқарған ұшақ апатқа түсіп, ол кезде де оқыс оқиғадан аман қалған екен.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"