Түркия әскері «Ирак және Левант лаңкестік ұйымының» 57 нысанын жойды.
Шабуыл «Ефрат қалқаны» операциясы барысында жүзеге асырылды. Нәтижесінде оннан астам содырдың көзі жойылған. Аталған нысандардың арасында «Күрдістан жұмысшы партиясының» бір объектісі бар.
Операция басталғалы бері 180-дей елдімекен азат етіліп, Сирия билігіне қарсы соғысып жатқан Еркін Сирия әскері тағы үш ауданды бақылауына алған. Естеріңізге сала кетейік, Түркия әскері Сирияның Джараблус қаласын азат ету мақсатында «Ефрат қалқаны» операциясын 24 тамызда бастаған. Бүгін ресми Анкара ел аумағын қарулы радикалды топтардан толық азат етпейінше, бұл операцияны жалғастыра беретінін мәлімдеді.