Дамасктегі Ресей елшілігіне осы айда екінші рет минометтен шабуыл жасалды. Бұл туралы РФ СІМ баспасөз қызметі хабарлайды.
Ақпаратқа сәйкес, екі сағатқа созылған атыс кезінде елшілік маңына 4 мина түскен. Бірақ, олардың бір де бірі ғимаратқа тиген жоқ. Бұл жолы да шабуыл Джобар ауданы жағынан жасалды.
Естеріңізге сала кетсек, 3 қазан күні Дамасктегі РФ елшілігі Джобар ауданы жағынан минометтен атқыланды.
Естеріңізге сала кетсек, 3 қазан күні Дамасктегі РФ елшілігі Джобар ауданы жағынан минометтен атқыланды.