ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қорғаныс министрлерінің өкілдері әйелдердің армиядағы рөлін талқылады

Шанхай ынтымақтастық ұйымының қолдауымен өткізілген онлайн-вебинарға ел әскеріндегі әйел офицерлер қатысты.

Қазақстанда әйелдер ерлермен қатар Қарулы Күштердің барлық әскер түрлерінде қызмет етеді. Айтар болсақ, 7,5 мыңнан астам әскери қызметші әйелдің 800-ден астамы офицер.
«Жауынгерлік іс-қимылдардағы әйелдер рөлінің тарихи перспективасы» сессиясында бітімгер майор Шолпан Тауышова сөз сөйледі. Ол тарихтағы қанды қарулы қақтығыстарда әйелдердің көрсеткен ерліктері жайында тарихи мысалдар келтірді.
- Қазақ халқы қатысқан соғыстар батырларды еркек-әйел деп жіктемеді. Ежелден Ұлы Дала тайпаларының тәуелсіздігі үшін күресте халқын даңққа бөлеген ұлы жауынгерлер – патшайым Зарина мен Томирис. Жоңғарлармен күресте сұлтандар мен батырлардың әйелдері, қыздары, қарындастары – Айтолқын, Есенбике, Айбике, Гауһар, Назым, Бопай қатысты. Ұлы Отан соғысы кезінде қазақ халқының жүздеген қыздары Жеңіс жолында өз өмірін құрбан етті. Пулеметші Мәншүк Мәметова, мерген Әлия Молдағұлова Кеңес Одағының батырлары атанды. Дәл осындай жауынгер қыздар әскери қызметтегі әйелдерді жігерлендіріп, рух береді, - деді Шолпан Тауышова сөйлеген сөзінде.
Бүгінгі таңда да Қазақстанның Қарулы Күштерінде үлгі алуға тұрарлық нәзік жандылар баршылық. Мысалы, аға лейтенант Ардана Ботай – алғашқы және жалғыз жойғыш-ұшқыш әйел, әскери теңізшілер – 2-дәрежелі старшина Дарья Кириченко, 1-дәрежелі старшина Майра Әбдірахманова және басқалар.
Әйелдер қызметте ғана емес, спортта да үнемі жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Майор Ольга Рыпакова – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы. Сержант Людмила Губарева – биатлоннан және офицерлік үш сайыстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, «Достастық жауынгері» байқауында Армия халықаралық ойындарының бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.
Бітімгершілік қызметте де әйелдер табысты болды. Полковник Диля Ахметова, майор Шолпан Тауышова, капитан Айжан Жасұзақова мен Римма Шәкеева бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға өз үлестерін қосты. 2009 жылдан бастап «Бейбітшілік жолындағы серіктестік» оқу-жаттығу орталығында Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы қатарынан 63 әйел арнайы даярлық курстарын оқыды.
Қазақстандық погон таққан әйелдер нәзік жандыларға сай емес күрделі кәсіп болып саналатын қызметте жетістікке жетудің үлгісі. Олар лауазымдық міндеттерін ер-азаматтардан кем емес, кейде үздік атқаратын кездері де болады.  Ұжымда тәртіпті нығайтуға ықпал етіп, өздеріне жүктелген міндеттерді орындауға қашанда әзір әскери мамандар ретінде қызмет атқарады.
Онлайн-вебинар барысында Үндістан, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Пәкістан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан өкілдері Қарулы Күштердегі әйелдердің рөлі жөнінде пікір алмасты.
    



Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"