Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы АрХО-2018 сайысына арналған конференцияға қатысты

Мәскеуде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің делегациясы ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Албаргеновтің жетекшілік етуімен IV Армия халықаралық ойындары-2018 сайысын ұйымдастыру жөніндегі алғашқы конференцияға қатысты.

Іс-шараға барлығы отыз алты мемлекеттің өкілдері қатысты. Конференция барысында тараптар ойындарды өткізудің жалпы тәртібін талқылап, ойындарға және халықаралық төрешілер алқасына дайындалу жөнінде халықаралық ұйымдастыру комитетін құру бойынша ұсыныстарды қарады. 2017 жылғы Армия ойныдарынан АрХО-2018 сайысының айырмашылығы алты мемлекеттің аумағында өктізілуімен ерекшеленетінін айта кетейік. Өз жерінде ойын қатысушыларын қабылдау ұсынысымен Иран Республикасы сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетсек, бұдан бұрын армия ойындары бес мемлекеттің, яғни, Ресей, Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан және Қытайдың аумағында өткізілген болатын. Армия халықаралық ойындары - 2015 жылдан бастау алған ойынға қатысушы мемлекеттердің қарулы күштерінің бөлімшелері арасындағы кешенді халықаралық жарыс болып табылатынын айта кету қажет. АрХО-2017 сайысына барлығы 28 команда қатысты.
2018 жылы ойындарға қатысу үшін 80 мемлекеттің қарулы күштері шақырылады. АрХО-2018 сайысының ашылу рәсімі 28 шілдеде Мәскеу облысының Кубинка кентінде өтеді және 2018 жылғы 11 тамызда аяқталады.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"