Қазақстан мен Түркия арасындағы қорғаныс саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты талқыланды

Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы қорғаныс ведомстволарының өкілдері бейнеконференция арқылы радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Келіссөздерге Қазақстан тарапынан бас штаб бастығы – Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау әскерлері департаментінің бастығы подполковник Ержан Құлмағамбетов қатысты.  
–    Бүгінгі күні бұл бағыт мемлекеттеріміз үшін өте өзекті болып табылады. Біздің пікіріміз бойынша осы саладағы ынтымақтастықты ұйымдастыру екі елдің қорғаныс қабілетінің жай-күйіне оң ықпал етеді, – деп атап өтті ол.
Подполковник Ержан Құлмағамбетовтің айтуынша, бүгінгі күні негізгі басымдық әскерлердің соғыс уақытында да, бейбіт уақытта да міндеттерді орындауға әзір болуын арттыру мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесін дамыту және жаңғырту болып табылады.
Тараптар мамандарды даярлауға, бөлімшелердің жауынгерлік даярлығы процесіне және оларды техникалық жарақтандыруға қатысты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.
Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау – бұл Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты. Ол заман талабына сәйкес дамытуды қажет етеді. РХБҚ әскерлерінің қажет екенін коронавирустық инфекция пандемиясы айқын көрсетіп берді. Бұл кезеңде әскери қызметшілер әлеуметтік тұрғыдан маңызды объектілерді дезинфекциялау жөніндегі міндеттерді орындады.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"