Оңтүстік Кореядағы әскери базалардың бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды 24kz.
Құрбандар жайлы ақпарат жоқ. Алайда 20-дан астам адам жараланған. Жапа шеккендердің барлығы – сарбаздар. Қазір олар жақын маңайдағы ауруханаға жеткізілді. Ал оқыс оқиғаның себебі әзірге белгісіз.