Өзбекстанда әскери тікұшақ құлап, 9 адам қаза болды

Ферғана облысында Өзбекстан Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-171 тікұшағы апатқа ұшырады. Оқиға салдарынан 3 экипаж мүшесі мен бортта болған Өзбекстан Қарулы күштерінің 6 әскери қызметкері қаза тапты. Оқиға 18 қазан күні жоспарлық ұшу кезінде болды, деп хабарлайды UzDaily.uz елдің әскери ведомствосына сілтеме жасап.

«Апат себептерін анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Ел билігі қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтады», – делінген хабарламада.

Ми-171 – Ресейде жасалған азаматтық тасымалдаушы тікұшақ. Экипаж мүшесі 3 адам, 26 жолаушы тасымалдай алады.


Cвязанные новости:
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"