Мәскеуде «АрМИ-2017» сайысын ұйымдастыру мәселелері бойынша үшінші жоспарлаушы конференция өтті

ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Әмір Халықовтың жетекшілік етуімен әскери делегация «АрМИ-2017» халықаралық сайысын ұйымдастыру мәселелері бойынша үшінші жоспарлаушы конференцияға қатысты.

Әлемнің 27-ге жуық елі ағымдағы жылғы шілденің 21-і мен тамыздың 13-і аралығында Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Әзірбайжан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының аумақтарында өтетін «Армия ойындары – 2017» халықаралық жарысына қатысатынын растады.

Бұл Қазақстан, Ресей, Қытай және көптеген өзге мемлекеттердің бірнеше мыңдаған әскери қызметшісінің отыздан аса сайысқа қатысатын өзінше бірегей сайыс болып табылады. Конкурста ТМД мен алыс шетелдің танкішілері, ұшқыштары, артиллерияшылары мен саперлері бақ сынасады.

Әскери қызметшілер «Танк биатлоны», «Суворов тегеуріні», «Мерген шебі», «Әскери барлаудың үздіктері», «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Авиадартс», «Аспан кілті», «Теңіз кубогы», «Теңіз десанты», «Тереңдік», «Десанттық взвод», «Эльбрус шығыршығы», «Ашық су», «Қауіпсіз бағдар», «Инженерлік формула», «Қауіпсіз орта», «Рембат», «Автоброньды танкті техника шеберлері», «Далалық ас үй», «Әскери-медициналық эстафета», «Жол патрулі», «Күзет сақшысы», «Әскери ралли», «Достастық жауынгері», «Қару шебері», «Ұшқышсыз ұшу аппараттары сайысы есептоптарының сайыстары» және т.б. санаттар бойынша қатысады.

Конференция аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында байқауларды өткізу орындарын алдын ала барлау жүзеге асырылды. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"