Ливия әскері 70 лаңкестің көзін жойды

Ливияда үкімет әскері Сирт қаласында бекінген «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» 70 содырын жер жастандырды.

Экстремистермен қарулы қақтығыс әлі жалғасып жатыр. Олар бірталай жерге жасырын жарылғыштар қойып тастаған. Үкімет жасағының алға жылжуына осы жағдай тұсау болып отыр.
Айта кеткен жөн, Сирт былтыр «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» уысына түскен болатын. 1 тамыздан бастап ел әскері АҚШ жауынгерлерінің қолдауымен қаланы азат ету операциясын жүргізіп жатыр. Осы уақытқа дейін шаһардың 70 пайызы лаңкестерден арылды. Ал әскери әрекет басталғалы Сирт халқының үштен бір бөлігі үй-жайын тастап, басқа жаққа босып кеткен. 

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"