Иракта жарылыстардан 25 сарбаз қаза тапты

Ирактың батысындағы Әр-Рутба қаласында лаңкестік әрекеттерден 25 сарбаз қаза тапты.

Жанкештілер мина орнатылған 2 көлікті жарған. «Әл-Жазира» телеарнасының хабарлауынша, марқұмдардың барлығы қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері. Осының алдында Әр-Рутба қаласының мэрі үкімет әскері «Ирак пен Левант лаңкестік тобының» үлкен шабуылына тойтарыс берді деп мәлімдеген еді. Айта кеткен жөн, Ирак қарулы күштері мен федералды полициясы халықаралық коалиция мен жергілікті ерікті-жасақшылардың көмегімен соңғы бірнеше айдың ішінде Анбар провинциясында бірқатар елді мекенді жаудан тазартты. Азат етілген қалалардың арасында осы аймақтың әкімшілік орталығы Рамади мен экстремистердің берік қамалы саналған Әл-Фаллуджа бар.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"