Еліміздің Қорғаныс министрі VII Армия халықаралық ойындарының ашылуына қатысты

Мәскеу маңындағы Алабиноның «Патриот» паркінде  Армия ойындарының ашылу рәсімі өтті. Бұл шараға армия генералы Сергей Шойгудың шақыруымен елден қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев қатысты.

Салтанатты түрді ойындарды ашқан Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин әскери жарыстардың халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен әскери қызметшілердің кәсіби шеберліктерін арттырудағы маңызын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің саны мен жарыс өтетін орындардың ауқымы ұдайы кеңейіп келе жатқанын атап өтті.
Осы ойындар аясында 22 тамыз бен 4 қыркүйек аралығында 11 елдің аумағында 34 конкурс өтеді. Оған 40-тан астам мемлекет қатысады. Қазақстанның Қарулы Күштері 11 конкурсқа қатысады. Ел аумағында – «Артиллериядан оқ ату шеберлері» және  «Сұңқар аңшылығы» атты 2 конкурс өткізіледі.
    Генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев шетелдік әріптестерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Сондай-ақ, ол танк биатлонына қатысатын қазақстандық команданың басшылығымен кездесіп, әскери қызметшілердің дайындығын талқылады. Оларға Қарулы Күштер жеке құрамының атынан сәттілік тіледі.
Өткен жылдағыдай Қорғаныс министрі, Ойындармен қатар «Патриот» паркінде өткізіліп жатқан «Армия-2021» халықаралық әскери-техникалық форумына барып қайтты. Қазақстан қорғаныс ведомствосы жұмыс тобының өкілдері Қарулы Күштерге қажет болуы ықтимал әуе шабуылына қарсы қорғаныс және ұшқышсыз ұшатын авиациялық құрылымдар аясында әлемнің жетекші өндірушілері шығарған соңғы үлгідегі кейбір әскери техника түрлерімен танысты.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"