Болгария мен Түркия шекарасында 25 сарбаз жаңа миссияны атқаруға кірісті

Болгария мен Түркия шекарасына қосымша 25 сарбаз жіберілді.

Олар Еуропалық одақтың шекара және жағалау күзеті агенттігінің жаңа миссиясы бойынша тартылған. Еуропалық атқамінерлердің айтуынша, Болгариядан кейін күзет шаралары Жерорта теңізінде жалғасын табады.

Бұл операцияның басты міндеті – Таяу Шығыс пен Солтүстік Африка елдерінен толассыз ағылған мигранттар нөпірін қатаң бақылауға алып, заңсыз жолмен шекара аспақ болған босқындарды кері қайтару. Естеріңізге сала кетейік, Еуропа ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін ең ауыр көші-қон дағдарысын бастан кешіріп отыр.

 Биыл жыл басынан бері кәрі құрлыққа 300 мыңнан астам босқын табан тіреген. Бұдан басқа, 3 жарым мыңнан көбі Жерорта теңізі үстінде қаза тауып немесе хабар-ошарсыз кеткен.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"