«Мызғымас бауырластық-2016» оқуларына ҰҚШҰ елдерінің әскери қызметкерлері қатысады

23-27 тамыз күндері Беларусьте өтетін «Мызғымас бауырластық-2016» оқуларына ҰҚШҰ елдерінің әскери қызметкерлері қатысады, деп хабарлайды БЕЛТА.

«Бұл жоспарлы, бесінші рет өткелі отырған ҰҚШҰ бітімгерлік жаттығуы Барановичи ауданындағы Обуз-Лесновск әскери полигонында өтеді.  Оқулардың ресми тақырыбы - «ҰҚШҰ Ұжымдық бітімгерлік күштердің (ҰБК) бейбітшілікті қолдау бойынша операцияларды жүргізу және оған дайындау». Алайда, оқулардың түпкі ойы үйреншікті қалыптан шығып, пайдалы жаңа дүниелерді іске асырып көруді көздейді», - деп атап өтті ҰҚШҰ баспасөз-хатшысы Владимир Зайнетдинов.

Алғаш рет ҰҚШҰ ҰБК БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мандатын алады және дағдарыс аймағында БҰҰ миссиясымен ынтымақтастықта жұмыс істейтін болады. ҰҚШҰ-ның бітімгершілік ресурстарды жетілдіруге бағытталған мақсатты жұмысы өзге де халықаралық ұйымдардың назарынан тыс қалмайды. Оқуларға БҰҰ Хатшылығы мен халықаралық Қызыл Крест комитетінің өкілдері шақырылған.

Жаттығуға ҰҚШҰ-ға мүше барлық алты мемлекеттен (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Тәжікстан) қарулы күштер, ішкі әскер құрамынан мыңнан астам офицерлер,  бітімгер сарбаздар, полиция өкілдері, 500 бірліктен астам авиациялық, бронетанк, автомобиль техникасы қатысады. 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"