Байқоңырда зымыран-тасығышы бар кеме құрастырыла бастады

Байқоңыр ғарыш айлағында «Союз МС-02» көліктік басқарылатын кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресейғарыш баспасөз қызметінің ақпаратынша, жуырда «Союз МС-02» жаңа модификациядағы көліктік басқарылатын кеме бас блок құрамында ғарыш аппараттарын монтаждау-сынау корпусына жеткізілді. «Союз - ФГ» зымыран-тасығышы бар ғарыш кемесінің жалпы құрастырылымы бойынша технологиялық шаралар кешені бүгін, 14 қазанда басталды.

ХҒС-ға 49/50 экспедиция құрамының негізгі экипажында  - Ресейғарыш ғарышкерлері Сергей Рыжиков, Андрей Борисенко және НАСА астронавты Роберт Шейн Кимброу бар. Олардың дублерлері - ресейлік ғарышкерлер Александр Мисуркин, Николай Тихонов және америкалық астронавт Марк Ванде Хай.

«Союз МС-02» ғарыш кемесін 19 қазанда Астана уақытымен 14 сағат 05 минутта Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшыру көзделген.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"