Армения мен Әзербайжан Қарабақтағы жағдай шиеленіскенін мәлімдеді

Әзербайжан мен Арменияның қорғаныс министрліктері сәуірдің 1-інен 2-сіне қараған түні Қарабақ жанжалы аймағында жағдай шұғыл шиеленіскенін хабарлады, деп жазады Би-би-си.

Әзербайжан қорғаныс министрлігі, атап айтқанда Армения қарулы күштері тарапынан оқ атылып жатқанын мәлімдеді.

Өз кезегінде армян әскери ведомствосы да Әзербайжан тарапынан шабуыл қимылдары болғанын хабарлады. Армения қорғаныс министрінің баспасөз хатшысы  армян қарулы күштері де қарабақ жанжалы аймағында бірқатар бағыттарда қарсы шабуылға шыққанын хабарлады.  

Екі жақтан да адам шығыны бар екені хабарланған.

Әзербайжан қорғаныс ведомствосының баспасөз хатшысы таяудағы уақытта екі тараптың түйісу желісіндегі жағдпай туралы ресми мәлімдеме жасалатынын айтты.

Әзербайжан мен Армения арасындағы жанжал 1988 жылы Таулы Қарабақ  себебінен басталды, армяндар көбірек қоныстанған Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзербайжан КСР-і құрамынан шығатынын мәлім еткен болатын.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"