АҚШ-та тұрған соңғы Кеңес Одағының Батыры дүниеден өтті

АҚШ-та тұрған соңғы Кеңес Одағының Батыры дүниеден өтті.  Бұл туралы жексенбі күні, 28 тамызда ТАСС-қа РИА Новости Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің Чикаго қауымдастығының төрағасы Абрам Сагаловичқа сілтеме жасап хабарлады.

Ақпараттық агенттік сұхбаттасушысының айтуынша, Степан Борозенец 26 тамызда Чикагода көз жұмған. Ол 20 тамызда 94 жасқа толған еді. «Өмірден жеңіл, өзінің төсегінде өтті», - деп әңгімеледі Сагалович.

Ол жерлеу Чикагода 30 тамызда өтетінін нақтылады. Борозенецті қамқорлығына алған бұрынғы КСРО елдері әскери-десанттық әскерлері ардагерлерінің американдық-канадалық қауымдастығы Чикагода Кеңес Одағының Батырына ескерткіш орнату үшін қайырымдылық көмек жинауды бастағанын хабарлады.

«Соғыс батырлары» сайтындағы ақпарат бойынша, Степан Борозенец 1922 жылы 20 тамызда қазіргі Қазақстан Республикасының Ақтөбе ауылында дүниеге келген. Қызыл Армияға оны 1941 жылғы сәуірде шақырды. Ол Орынбор әскери-авиациялық ұшқыштар мектебін бітірген, 1943 жылғы қазанда 2-ші Беларусь майданына лейтенант шенімен ұшқыш болып аттанған. Соғыс кезінде 2-Беларусь майданының 4-әуе күштері армиясының 4-ші шабуыл авиакорпусының 199-шы шабуылдық авиадивизиясының 569 авиаполкінің зеносына командир болды.

Ол 100-ге тарта жауынгерлік ұшуларға қатысқан. Ол ондаған бірлік әскери техниканы және жауды жабдықтайтын нысандарды жойды, бірнеше рет барлау ұшуларында болды.  

1944 жылы шілдеде Борозенецтің Ил-2 ұшағын жау атып түсірді, жанып жатқан ұшақты қондыру кезінде елеулі жарақат алды. 1945 жылғы ақпанда Польша аспанында жауынгерлік тапсырмадан оралып келе жатқанда оған неміс жойғыштары тобы шабуыл жасады және ұрыс кезінде жарақаттанды, бірақта кейінірек ұрысқа қайта оралды.

Кеңес Одағының Батыры атағын ол 1945 жылғы 18 тамызда жвауынгерлік тапсырмаларды үлгілі орындағаны және батырлық пен ержүректік көрсеткені үшін алды.

Ұлы Отан соғысынан кейін  Степан Борозенец әскери қызметте қалды, запасқа 1976 жылы полковник шенімен шықты.

1995 жылы ол АҚШ-қа емделуге кетті және Чикагода тұрақтап қалды, бірақ та РФ азаматттығын сақтады. Борозенецтің артында ұлы және ұшқыш болған немересі Михаил қалды. 

 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"