Әлемнің әскери жаңалықтары

Қытай қорғаныс саласына бөлінетін қаржыны ұлғайтады

 

Қытай қорғаныс саласына бөлінетін шығысты 7 пайызға арттырады. Бұл туралы Бүкілқытайлық халық өкілдері жиналысының 12-ші шақыртылымы 5-ші сессиясының ашылуында ҚХР жоғары заң шығару органының ресми өкілі Фу Ин айтты, деп жазды ТАСС. «Әр жылы үкімет қорғаныс саласына шығыстарды айқындайды. 2017 жылы біздің бюджет шамамен 7 пайызға ұлғаяды, шығыстар үлесі елдің ЖІӨ-нің 1,3 пайызын құрайды», деді ол АҚШ-тың әскер саласына бөлінген шығыстарының көбейгенін атап өтіп. «Мюнхенде қауіпсіздік конференциясында болғанымда оның қатысушылары қорғаныс саласына қатысты шығысты 2 пайызға ұлғайтуды ұсынды. Сол себептен де біз әскери шығыстарды ұлғайтуды жалғастыра бермекпіз, - деп қосты ресми өкіл. Фу Ин өткен онжылдықта ірі жанжалдар мен соғыстар болып, ол шығынды да босқындар санын да ұлғайтқандығын атап өтті. «Қытай басқа елге бірде-бір рет зиян келтірген емес», - деп атап өтті ол. Шекаралық, теңіздегі дауларға қатысты айтсақ, қытайлық билік «келіспеушілікті диалог және консультация арқылы бейбіт шешуге шақырады». «Егер Оңтүстік Қытай теңізіндегі жағдай туралы айтсақ, жағдай жақсарып келеді. Оның келешегі көп жағдайда, АҚШ әрекетіне байланысты болмақ», - деп санайды Фу Ин. Қытайдың әскери бюджетін 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда, 7,6 пайызға, яғни, 954 млрд юаньға (около $146 млрд жуық) дейін ұлғайту жоспарланған. 2015 жылы Қытайдың қорғанысқа бөлінген шығыстары 887 млрд юань (2015 жылғы наурыз бағамы бойынша $144,2 млрд) деңгейінде болған. Бұл 2014 жылғы көрсеткіштен 10,1 пайызға артық.

 

Сербияның әскери зауытында жарылыс болды

 

Сербияның әскери зауытында жарылыс болды. Карагуевацедегі әскери техника зауытындағы өртті сөндіру кезінде бір адам мерт болып, 3 адам із-түзсіз жоғалып кетті. Тағы 25 адам А28 нысандағы дәрі-дәрмектердің монтаждау желісіндегі жарылыс кезінде зардап шекті.  Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады ТАСС. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жетті, осы сәтте жарылыс тағы қайталанды. Зардап шеккендердің арасында өрт сөндірушілер мен әскерилер және полиция қызметкерлері бар. Дәрі-дәрмектерді реттеу цехындағы өртті сөндіру жұмыстары аяқталды. Қазіргі таңда қирандыларды тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Крагуевацке Сербияның Қорғаныс министрі Зоран Джорджевич пен оның материалдық ресурстар жөніндегі көмекшісі Ненад Милорадович келді.

 

  Сирияда Ресей генералы ауыр жараланды

 

Сирияда Батыс әскери огругінің әскери дайындық басқармасы штабының басшысы генерал-майор Петр Милюхин ауыр жараланды, деп хабарлайды РИА Новости. Милюхин қазір Бурденко атындағы әскери клиникалық госпиталінің жансақтау бөлімінде жатыр, деп мәлім етті қабылдау орнынан. Бірақ олар оның қалай, қай жерде жараланғанын айтудан бас тартты. Бұдан бұрын Милюхиннің Сирияда Пальмир үшін болған шайқас кезінде минаға ұрынғанын "Фонтанка" газеті жазған еді. Басылымның мәліметтері бойынша, жарылыс салдарынан ол екі аяғынан және көзінен айрылған. Генерал алғашқы медициналық көмекті оқиға болған жерде алды. Артынша мәскеулік ауруханаға жеткізілді.

 

Ресей Қырғызстаннан әскери базасын шығаруға дайын

 

Ресей кез келген уақытта Қырғызстан аумағында орналасқан әскери базасын әкетуге дайын. Бұл туралы РФ президенті Владимир Путин Бішкекте Қырғыз Республикасының басшысы Алмазбек Атамбаевпен кездесуінен кейінгі баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды «Кабар».     Оның атап өтуінше, Кант қаласындағы әскери база 1999-2000 жылдары сол кездегі Қырғызстан басшылығының өтініші бойынша Ауғанстан аумағынан шекара асып келіп, лаңкестік актілерін ұйымдастырған содырлардың әрекетіне тосқауыл қою мақсатында құрылған. «Бұл шаралар халықаралық террористермен тиімді күресу үшін қабылданған еді», - деп атап өтті РФ президенті. Путиннің айтуынша, егер Қырғызстан алдағы уақытта қарулы күштерін нығайтатын болса, Ресей бірден әскери базаны шығарады. Сондай-ақ ол Ресей базасы Қырғызстанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ғана қажет екеніне тоқталды. Ал Қырғыз Республикасының Президенті  Алмазбек Атамбаевтың айтуынша, бүгінгі кездесуде республика аумағындағы ресейлік әскери базаны нығайту мәселесі талқыланған жоқ. «Ерекше атап өткім келетін жайт, Ресей, керісінше, біздің қарулы күштерімізді нығайтуға ниетті», - деді А. Атамбаев.

 

КХДР зымырандары Жапонияның айрықша экономикалық аймағына құлады

 

КХДР ұшырған төрт зымыранның үшеуі Жапонияның айрықша экономикалық аймағына құлады. Бұл туралы ТАСС агенттігіне дүйсенбі, 6 наурыз күні Жапония министрлер кабинетінің бас хатшысы Ёсихидэ Суга мәлім етті. Солтүстіккореялық зымырандардың сынақтары салдарынан Жапонияға келген шығындар туралы ақпарат жоқ, деп атап өтті жапондық министрлер кабинетінің өкілі. Жапонияның премьер-министрі Синдзо Абэ Пхеньянның әрекетін сынға алды. «Бұл еліміздің қауіпсіздігі үшін қатерлі қауіп және біз Солтүстік Кореяның мұндай әрекеттерін үзілді-кесілді сынға аламыз», - деді ол. Қазіргі уақытта Сеул ұшырылымдар бойынша ақпараттарды нақтылаумен айналысуда. Солтүстік Корея 6 наурыз күні жергілікті уақыт бойынша 07.36-да Пхёнан-Пукто провинциясынан белгісіз үлгідегі зымырандарды ұшырды. Болжам бойынша, KN-08 немесе KN-14 құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізу жүргізілген.  Бұл ретте, Оңтүстік Кореяда ірі ауқымдағы корея-америкалық әскери жаттығулар өтіп жатқан. Еске салсақ, Пхеньян бұған дейін баллистикалық зымыранды 12 ақпан күні ұшырған болатын. Елдің бұл әрекетін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі сынға алды. Ал КХДР ұшырылымдар сәтті өткенін мәлім етті.  


Түркияның оңтүстігінде Сирия әскерінің ұшағы апатқа ұшырады

 

2017 жылғы 5 наурыз 02:39 283 АСТАНА. ҚазАқпарат - Түркияның Премьер-министрі Бинали Йылдырым елдің оңтүстігіндегі Хатай провинциясында Сирия ӘӘК ұшағы апатқа ұшырағанын мәлім етті, деп хабарлайды Sky News Arabia. БАҚ-тардағы мәліметке сүйенсек, "Ахрар аш-Шам" лаңкестік тобы Сирияның МиГ-21 ұшағын атып түсіргенін жариялаған. Ұшқыш дер кезінде катапульт жасап үлгерген және Түркия аумағына қонған. Енді бір дерек бойынша, ұшақты ешкім атып түсірмеген. Ұшқыш қозғалтқыштың істен шығуына байланысты құтқару тетігін пайдаланып, секіріп кеткен. Деректер нақтылануда. 

 

КХДР баллистикалық зымырандарын іске қосты

 

Оңтүстік Корея әскерилерінің айтуынша, КХДР Жапон теңізіне қарай бірнеше баллистикалық  зымырандарын ұшырды деп хабарлайды bbc.com. 

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде  Қытай шекарасының маңындағы Тончхан провинциясының полигонынан бірнеше баллистикалық зымыран Жапон теңізіне қарай ұшырылды делінген.

Ұшырылған 4 зымыранның қандай түрі екендігі туралы мәлімет жоқ.

Оңтүстік Кореяның қорғаныс министрлігінің ресми өкілінің оңтүстік кореялық телеарнаға берген сұхбатында, бұл құрлық аралық зымырандар болуы мүмкін деп отыр.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"