"MILEX-2017" көрмесінде Қазақстанның әскери делегациясына қару-жарақ пен әскери техника көрсетілді

Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Талғат Жанжүменовтің басшылық етуімен әскери делегация Минскідегі(Беларусь Республикасы) «Белэкспо» көрме орталығында өткен 8-ші халықаралық MILEX-2017 қару-жарақ пен әскери техника көрмесіне барды.

Көрме мақсаты қорғаныс кәсіпорындары мен қос мақсаттағы өнімді шығаратын кәсіпорындардың өнім үлгілерін паш ету, қорғаныс өнеркәсібі өнімін шығарушылар мен тұтынушылар арасында өзара тиімді байланыс орнату үшін қолайлы жағдай жасау  болып табылды.  Одан басқа, бағдарлама шеңберінде қорғаныс пен қауіпсіздік аясындағы әскери-техникалық ынтымақтастық мәселелері бойынша ғылыми конференция өткізілді.

MILEX көрмесінің ұйымдастырушылары қазақстандық халықаралық «KADEX» қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесіне белсене атсалысып, ұдайы негізде 20 қорғаныс кәсіпорны құрамында жекелеген белорус экспозициясын ұсынып отыратынын айта кеткен жөн. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"