Airbus әлемдегі ең ірі ұшақтарды шығару көлемін қысқартады

«Эйрбас» компаниясы әлемдегі ең ірі «А380» жолаушылар ұшағын шығару көлемін қысқартады.

Мұндай шешім сұраныстың төмендеуімен байланысты. 2018 жылдан бастап аталған лайнердің тек 12 данасы ғана шығарылмақ. Былтыр 20, алдыңғы жылы 27 ұшақ жасалған еді. Еуропалық әуе концернінің қазіргі таңдағы бірден-бір ең ірі сатып алушысы - Біріккен Араб Әмірліктерінің Emirates Airlines компаниясы. Жапондық тасымалдаушылар бірнеше ұшақ қана алды. Ал америкалық компаниялар мүлде тапсырыс бермеген.
 - Нарықта өсу де, құлдырау да болып тұрады. Қазір әрі-сәрі белгісіз күйге кез болып тұрмыз. Бұл жақсылықтың нышаны емес. Бірақ мұның барлығы уақытша және болмашы құбылыс деп ойлаймын. Сонда да алдағы уақытта Таяу Шығыс пен Азияда өсім болады деп күтеміз. «Эйрбас А 380» ұшағы - әлемдегі ең ірі жолаушылар лайнері. Орташа алғанда мұндай әуе кемелері 525 адамды тасымалдай алады. Бір ұшақтың құны - 430 миллион доллар, - дейді Airbus компаниясының басшысы Фабрис Брежье.

Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"