2018 жылы Америка сарбаздарына шағын дрондар беріледі

Американың әскерилері 2018 жылға қарай сарбаздарды шағын дрондармен жабдықтауды көздеп отыр. Осындай үлкен ұшу аппараттары ауқымды ахуалды бағалай алады, дегенмен оны жабық ғимараттарда пайдалану қиынға соғады.

Black Hornet атты шағын дронды Норвегия мен Ұлыбританияның армиясы қолданып жүр.

Американың әскерилері шағын дрондарды шығаруға кететін шығынды азайтпақ. Өйткені  Black Hornet қолмен жиналатындықтан, оның бағасы қымбат - 18 грамм аппараттың біреуінің құны 190 мың доллар тұрады.

Жаңадан әзірленетін ұшу аппараттарына белгілі талаптар қойылады: салмағы 150 граммнан аспауы тиіс, автономды ұшу уақыты - 15 минут, қашықтығы - 1,2 мың метрге дейін болуы керек, деп жазады Army Times.

Сонымен қатар, шағын дрондар қанықтылығы мен дәлдігі жоғары видеокамералармен жабдықталуы тиіс.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"