Қырғызстан ҰҚШҰ-дан Өзбекстанмен шекарада туындаған дауды шешуді сұрады

Бішкек ҰҚШҰ-дан Өзбекстанмен шекарада туындаған дауды шешуді сұрады, деп хабарлады РИА Новости Қырғызстанның премьер-министрі Темір Сариевке сілтеме жасап.

Екі елдің шекарасындағы жағдай жұма күні Жалал-Абад облысы Чаласарт жеріндегі қырғызстандық-өзбекстандық шекарадағы даулы жерге өзбекстандық тарап  40 әскери қызметшілері мен бронетехниканы жөнелткенде ушыға түсті. Сондай-ақ Өзбекстан Кербен - Алабұқа тас жолында өткізу бекетін қойды. Жауап ретінде Қырғызстан да тиісті шараларды қабылдады.

Қырғызстан Өзбекстанның даулы аймақтан техника мен әскерилерін әкетуді сұрады.

Өзбекстанның мемлекеттік шекараны қорғау бойынша комитеті «Аталған техника Өзбекстан аумағында тұрғанын, ал мемлекеттік шекара учаскелерін күзету екі жақты келісімдерге сәйкес жүргізіліп жатқанын» айтты.

"ҰҚШҰ көмегіне жүгініп, кеңесіп жатырмыз. Белгіленбеген учаскелер халықаралық стандарттарға сай бекітіліп, бұл талапты ешкім бұзбауы тиіс ", - деді Сариев.

Ол Қырғызстан көршілерімен тепе-тең дәрежеде келіссөздер жүргізуге дайын екенін жеткізді.  

Қазір ұзындығы 1,3 мың шақырымды құрайтын қырғызстандық-өзбекстандық шекарада бір ғана "Қызылқия"  өткізу бекеті жұмыс істеп тұр. Ол Сох және Шахимардан өзбекстандық анклавалардың тұрғындарын өткізуге арналған. Жуырда тараптар аумаққа жөнелтілген әскерилердің санын азайтып, жағдайды  сәл жақсартты. 


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"