Жаңа технологиялар бойынша жасалған қару-жарақтардың мүмкіндігі мол

Бүгінде әлемдегі соңғы саяси оқиғаларға байланысты  түрлі қару-жарақтар жасалып шығарылуда.  Жаңа технологиялар бойынша құрастырылған қару-жарақтардың мүмкіндіктері шексіз. Оларға бөлінген қаржы көлемі де жыл сайын артып келеді.

Мәселен, өткен жылы АҚШ  Конгресі мақұлдаған шешім бойынша қару-жараққа 585 млрд. доллар бөлген.  Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 8 млрд. долларға артық. Стокгольм инстиутының мәліметінше, биыл Қытай қару-жарағын жаңартуға 159 млрд АҚШ долларын бөлмек. Ең ірі державаның бірі Ресей болса,  61,96 млрд доллар бөлсе, Германия 48 млрд., Ұлыбритания 57,9 млрд., Франция 61,2 млрд. бөлуді жоспарлауда. Қарулы Күштерінің қуаттылығы жағынан әлем рейтингінің 21 орнына жайғасқан Украина 2015 жылы өз қорғанысын нығайтуға 44,6 млрд., ал қару-жарағын жаңартуға 14 млрд. АҚШ долларын бөлмекші. Бұл дегеніңіз әлемде біздің құлақ естіп, көз көрмеген жаңа қару-жарақ түрлері пайда болады деген сөз. Біз  өткен жылы қолданысқа енгізілген қару түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

Sikorsky S-97

Sikorsky Aircraft кәсіпорыны америкалық басқа да 50 кәсіпорынмен бірлесе отырып жасаған су жаңа Sikorsky S-97 маркалы тікұшағын көрсетті. Сарапшылардың пікірінше, бұл әлемдегі ең керемет тікұшақ екен. 5 тонна салмағына қарамастан ол 2600 м.с қуаттылыққа ие. Тікұшақтың сағатына 440 шақырым жылдамдықпен ұшуы үшін фюзеляждың соңындағы қарапайым ротордың орнына айналмалы екі винт орналастырылған. Үздік үлгіде жабдықталған Sikorsky S-97 маркалы тікұшағы тек жаппай жоюшы құрал түрінен одан бөлек  барлаушы, құтқарушы, штурмдық операцияларда да өте ыңғайлы. Аталмыш әскери тікұшақ  Американың аты аңызға айналған OH-58D Kiowa Warrior-ын алмастыруы мүмкін.

Ан-178 жүк тасымалдаушы тікұшағы бірнеше жылдар бойы мінсіз саналып келген Ан-12 тікұшағын алмастыруы мүмкін. Жаңа техниканың құрамын екі турбо қозғалтқышпен жабдықтау жоспарланған. Ол ұшақтың өте жоғары жылдамдықпен қозғалуына мүмкіндік береді. Ан-178-дің ең басты ерекшелігі – жүк тасымалдауға арналған бортының кеңейтілгендігі. 

Пилотсыз ұшақ. Перспективалы қорғаныс жобаларын жасаушы DARPA агенттігі Boeing және Lockheed Martin компанияларымен бірлесіп SoSITE (System of Systems Integration Technology and Experimentation) жүйсін жасап шыққандарын мәлімдеді. Әскери операция кезінде  пилотсыз басқаруды, бомбылау мен жойғыштардың өзара байланысын қамтамасыз етеді. Пилотсыз жойғыштар соғыс жағдайында алдау тәсілінде қолданылады. Сондай-ақ, ол кез келген ұшақты діттеген жеріне дейін түрлі қауіптен қорғай отырып жеткізе алады. Бұл соғыс жағдайында адам шығынын біршама азайтары сөзсіз.

Мобильді лазер

Өткен жылы IDEX кормесінде германиялық Rheinmetall компаниясы соғыс жағдайнда қолданатын HEL (high-energy laser) жоғары қуатты лазерін көпшілк назарына ұсынды. Ол брондалған Boxer MRAV (multi-role armoured vehicle) машинасына орналастырылған. Қуаттылығы 20 кВТ болатын мобильді құрылғы алдына келген кез келген объектінің көзін еркін жоя алады. Rheinmetall компаниясының айтуынша, бұл лазер 3 шақырым жерге дейінгі кез-келген нысанды құртады. Алдыңғы HEL-дермен салыстырғанда, қуаттылығы жағынан және қашықтығы жағынан әлдеқайда ілгері.
Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"