100 мыңнан астам әскери қызметкер kаңкестерге қарсы тұрудан бас тартқаны үшін қызметінен кетті

Иракта 100 мыңнан астам әскери қызметкер ДАИШ лаңкестік ұйымымен соғысудан бас тартқаны үшін қызметінен кетті.

 rt.com мәліметі бойынша, мұндай жағдайдың қалыптасуы 2014 жылдың алғашқы айларынан басталған, деп жазады egemen.kz.

«ДАИШ содырларына қарсы тұрудан бас тартқаны үшін 106 мың сарбаздың келісімшарты қорғаныс министрлігінің шешімімен уақытынан бұрын аяқталды», - деді министр Халед аль-Обейди. Ол сондай-ақ, бұл жағдайдың негізінен Ирак әскері құрамында 2014 жылдың басынан қызмет ете бастағандарға қатысты екенін айтты. Алайда, қызметтен босату бір мезгілде жүзеге асты ма, әлде бірнеше айға созылды ма, ол жағынан нақты мәлімет бермеді.

ДАИШ лаңкестік ұйымы Иракта 2014 жылы көктемнің соңы мен жаздың басында белсенді шабуыл жасай бастады. Экстремистер өзінің астанасы деп есептейтін, көлемі жағынан екінші ірі қала - Мосул іс жүзінде қарсылықсыз берілді. Ел билігі, бұл стратегиялық маңызды қала, сондықтан бірінші кезекте Мосулды азат ету керек деп есептейді.


Көшірмеге қайта келу

Жүгіртпе / Лента

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Парашютные системы Insider 300-S и Альфа-Аксиома

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"

Токаев: "Необходимо повысить престиж воинской службы и мотивировать молодежь на выполнение воинского долга"